«Алматының әдемі аруы» байқауы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны «Қыз - елдің көркі» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы білім басқармасы ұйымдастырып отыр. Оған жалпы білім беретін мектептер мен колледж оқушылары арасында өткен аудандық сайыстарда үздік шыққан 20 бойжеткен қатысады. Мақсат - қоғамдағы әйел-ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыздарға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру. Сондай-ақ олардың мектепте және мектептен тыс уақытта өзін-өзі дұрыс игере білуіне жол сілтеу, өзіндік көзқарасын дұрыс қалыптастыра білуге бағыттау. Үміткерлерге қойылатын талаптар: қазақ тілін терең меңгеруі, қос бұрымды болуы, шешен болуы, ұшқыр ойлы және жан-жақты өнерлі болуы. Онда жеңімпаздар - «Қыз Жібек», «Көрермен көзайымы», «Үздік өнерпаз», «Ақылы біліміне сай», «Болашақ тілші», «Қазақ аруы», «Бұрымды ару»аталымдары бойынша марапатталады деп жоспарланып отыр.