Алматының әкімдігінде - жаңа тағайындаулар
АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Юрий Ильин тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ю.Ильин Алматы қаласы ТЖ-ны жою және жұмылдыруға әзірлік басқармасының бастығы болды. Әкімнің бұрынғы орынбасары Мәулен Мұқашев қызметінен өз еркімен кетті.
Алматы әкімінің орынбасары қызметіне қала әкімі аппаратының басшысы болған Болат Сауранбаев тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Виктор Долженков оңтүстік елорда әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Алматы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Жетісу ауданының әкімі болған Ербол Әліқұлов тағайындалды.