Алматының Алатау ауданында 53 аула абаттандырылды
Оның айтуынша, жыл басынан бері «Ақбұлақ», «Қарасу», «Шапағат», «Шаңырақ-1», «Ұлжан-1», «Самғау», «Көк-Қайнар», «Байбесік», «Дархан» және «Әйгерім» шағын аудандарында 69 көше бойынша арық желілері салынды.
«Су басудың алдын алу мақсатында, Жасыл экономика басқармасы тарапынан жыл басынан бері 11 шағын ауданда жалпы ұзындығы 51 км болатын 69 көше бойынша арық желілерінің құрылысын жүргізілді. Сонымен қатар, 53 аула аумағын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Алматы қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында «Зерделі» шағын ауданында орналасқан 63 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделіп жатыр. Жұмыстарды 2022 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда», - деді спикер.
Сонымен қатар, ол «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қарқынды түре жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
«2020 жылы бағдарлама аясында қала тұрғындарынан 99 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруіне сәйкес 31 жоба жүзеге асырылды Бүгінгі күні 21 нысанның құрылысы аяқталды, қалған жұмыстар аяқталуға жақын», - деді Ертіс Бесіров.
Биыл аталған бағдарламасы аясында 1,3 млрд теңгеге 26 жоба іске асырылады.
«24 жоба бос жерлерде жаңа кеңістіктер құруды көздейді. Бұл балалар ойын алаңдары, воркауттар мен спорт кешендері, жаяу жүргіншілер мен жасыл аймақтар. Сондай-ақ, жобаларды таңдау кезінде әр шағын ауданды қамтитын қоғамдық кеңістікті ескерілді. Сондай-ақ, магистралды көшелер бойындағы (Рысқұлов даңғылы, Момышұлы көшесі) жасыл аймақты тиімді ұстау үшін автоматты суару жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады»,- деді ол.