Алматының Алатау ауданында биыл 5 жаңа мектеп салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау ауданында биыл 5 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептердегі орын тапшылығын азайту үшін биыл жыл соңына дейін Алатау ауданында 7 800 орындық 5 жаңа мектеп салынады. Сондай-ақ, біз «Саялы-2» және «Зерделі» шағын аудандарында әрқайсысы 550 орындық тағы 2 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бүгін «Саялы-2» бойынша мердігер ұйымды анықтау үшін конкурс жарияланды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында бастап, 2023 жылдың қараша айында аяқтау көзделген»,- деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар, ол «Зерделі» шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатқанын атап өтті.

«Жұмыстарды 2023 жылдың наурызында бастап, 2024 жылдың тамыз айында аяқтаймыз. Биыл «Саялы» шағын ауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. 2023 жылдың наурыз айында аяқтау қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта «Зерделі» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. 2023 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарда»,- деді Ерболат Досаев.

Бұдан бөлек, ауданда көпсалалы инновациялық шығармашылық орталық салынып жатыр. Оған 5 мыңнан астам бала баратын болады. Құрылысы 2023 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады.

«Сонымен қатар, Қарасу тұрғындарының тілектерін ескере отырып, мен Мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу туралы тапсырма бердім. Қажетті қаржы бөлінді, ғимаратты сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Сосын жөндеу жүргізу қажет соның ішінде демеушілік қаражат есебінен. Жылдың соңына дейін онда кемінде 10 шығармашылық және білім беру секциясын ашамыз және күн сайын 150-ге жуық бүлдіршініміз осы секцияларға қатыса алады»,- деп түсіндірді әкім.


Соңғы жаңалықтар
telegram