Алматының Алатау ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
АЛМАТЫ. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматы қаласының Алатау ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік мекеме "Шаңырақ-2" ықшам ауданында Жанқожа батыр көшесінің бойында орналасқан. Оның көлемі 692 шаршы метр. 170 мың адамға қызмет көрсететін орталық "бiр терезе" қағидаты бойынша жұмыс iстейтін болады. Орталық үш секторға - құжаттарды қабылдау, беру және жинақтау бөлімдеріне бөлінген.
Жаңадан ашылған орталықта 65 адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта орталық 25 түрлi мемлекеттiк қызмет түрін көрсетедi. Оның ішінде әдiлет департаментінің, Қорғаныс министрлiгiнiң, жер қатынастары мен АХАЖ бөлімі, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы саласына арналған бөлімдер бар. Жылдың аяғына дейін мұнда 132 қызмет түрi қосылады деп жоспарлануда.
Халыққа қызмет көрсету орталығына «электорондық» кезек жүйесі енгізілген.