Алматының Алатау ауданында көпсалалы аурухана салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алатау ауданында көпсалалы аурухана салынады. Онда перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары болады. Бұл туралы Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында және емханалардың әр тұрғынға жақын орналасуы үшін биыл «Саялы» және «Қарасу» шағын аудандарында күніне 200 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынады. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін компанияларды анықтауға байқау жарияланды. Құрылысты осы жылдың қыркүйек айында басталып, 2023 жылдың маусымында аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- дейді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ол бүгінде Алатау ауданында көпсалалы аурухана жоқ екенін атап өтті.

«Алатау ауданында көпсалалы аурухана салу туралы шешім қабылдады. Мұнда перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары болады. Келесі жылы көпсалалы аурухананың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады»,- деді Алматы әкімі.


Соңғы жаңалықтар