Алматының Алатау ауданында ыстық су болмайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алатау ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Алатау ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су 4 күнге өшіріледі.
« 6 қыркүйек пен 10 қыркүйек аралығында «Саялы-2» ықшам ауданында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су беру шектеледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз» - делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілген.