Алматының Алатау ауданында жаңа мектеп пен айналма жол салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау ауданына қарасты «Шаңырақ-1» шағын ауданында жаңа мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазіргі №41 мектептің орнына жаңа мектеп саламыз. Жер сұрағы болды, Қорғаныс министрлігі ол жерді гвардияға берген. Менің тапсырмам бойынша ол жерді алған соң, біз жаңа мектепті саламыз», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев Алатау ауданында биыл айналма жолдың құрылысы басталатынын хабарлады.

«Біздің автобустар 9-12 метрлік болғандықтан, олардың жолын созуға мүмкіндік жоқ. Себебі, көшелер тар, қоғамдық көлік кіріп шыға алмайды. Қазір Алатау ауданына шағын автобустарды жүргізу мәселесі қаралып жатыр. Сондай-ақ, аудан белсенділері таңдаған аумақта айналма жол салынады. Құрылысты биыл бастаймыз. Айналма жол салынып болған соң, сіздерге 700-800 метрдей жақындықта 2 маршрут кіреді»,- деп жауап берді тұрғындарға Алматы әкімі.


Соңғы жаңалықтар
telegram