Алматының Алатау ауданында жаңа пошта бөлімшесі ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл - Алатау ауданының құрамына кіретін ықшамауданда ашылған бірінші пошта бөлмшесі. Бұған дейін тұрғындар Әуезов ауданына қарасты пошта бөлімшелерінің қызметін пайдаланып келген еді. Жаңа пошта бөлімшесінің қызметін 30 мың тұрғын, оның ішінде 300 зейнеткер пайдаланатын болады.
«Бұл бөлімшеде тұрғындарға зейнетақы алу, хат-хабар жіберу, басылымдарға жазылу сынды пошта қызметінің барлық түрлері ұсынылады. Зейнеткерлерге зейнетақы алуда жеңілдік болу үшін банкомат орнату көзделуде. Бұл нысан Алматы поштамтының инфрақұрылымдарды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ашылып отыр. Аталған бағдарламаға сәйкес алдағы уақытта қала аумағында бірнеше жаңа бөлімшелер ашылатын болады», дейді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің өкілі Людмила Шустова.
Ашылу шарасына қатысқан шағынаудан тұрғындарының айтуынша, жаңа бөлімше зейнеткерлер үшін өте тиімді. Өйткені бұған дейін олар зейнетақы алу үшін 5-6 шақырым жол жүруге мәжбүр болатын.
«Осыған дейін зейнетақы алу үшін жол азабын тартатын едік. Жақын жерден пошта бөлімшесінің ашылуы барлық тұрғындарды қуантып отыр. Осы үшін Қазпошта басшылығына алғыс білдіреміз», дейді тұрғындар.