Алматының Алғабас ауданында тағы 6 көпқабатты үй қисайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Алатау ауданы «Зерделі-6» шағын ауданындағы 6 көпқабатты тұрғын үй қисайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық әкімдік 2019 жылдың желтоқсан айында «Зерделі-6» шағынауданда орналасқан №1/179 тұрғын үй қисайған соң, ондағы барлық тоғыз қабатты үйді тексеру жөнінде шешім қабылдаған. Қолайлы қалалық орта басқармасы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-мен келісімшарт жасады. Құжаттағы уақытқа сәйкес, қайта қалпына келтіру жұмыстары осы жылдың соңында аяқталуы керек.

«Бүгінде 6 үйге қатысты (1/180, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168) сараптама қорытындысы шықты. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ қорытындысына сәйкес, осы үйлердің іргетасын нығайту қажет. Бұл жұмыстар тұрғындарды көшірмей жүзеге асырылады. Қазір №1/160, 1/161 үйлерде іргетасын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр», – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдары үйдің неге қиғайсағанын әрі бұл іске жауаптыларды анықтап жатыр.

Еске салайық, былтыр 11 желтоқсанда Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Кейін Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар