Алматының Алмалы ауданында 50 жылжымалы мобильді топ ұйымдастырылды
Аудан әкімі Серік Құсайыновтың айтуынша, вакцина алу үшін барлық жағдай жасалған. Егу пункттері тұрғындардың тұрғылықты жерлеріне жақын, қолжетімді жерде орналасқан, үзіліссіз және демалыссыз сағат таңғы 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ауданда мына емханаларға барып, вакцина салдыруға болады:
1) № 3 қалалық емхана (Розыбақиев көшесі, 74);
2) № 8 қалалық емхана (Түркебаев көшесі, 40);
3) № 5 қалалық емхана (М. Мақатаев көшесі, 141/77);
4) № 30 қалалық емхана (Жібек жолы көшесі 128/23);
5) ҰОС қалалық емханасы (Амангелді көшесі 41);
6) Алмалы ауданының МСАК орталығы (Төле би көшесі, 157);
7) «Орталық отбасылық емхана» ЖШС (Төле би көшесі, 249);
8) «Керуен-Medicus» ЖШС (Ә. Шәріпов көшесі, 62);
9) «Макиза» ЖШС (Тұрғыт Озал көшесі, 103);
10) «Республикалық отбасылық-дәрігерлік орталық» ЖШС (Әйтеке би көшесі, 83);
11) «Орталық клиникалық аурухана» АҚ (Шевченко көшесі, 59);
12) «С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ (Шевченко көшесі, 126);
Немесе қоғамдық орындарда қосымша 3 егу пунктінен алуға болады, олар:
1) Сейфуллин даңғылы «MEGA Park» СОО
2) «Almaly» орталығы, Төле би көшесі, 160
3) №58 мектеп гимназиясы, Тұрғыт Озал к-сі, 30
Аудан басшысы екпе алуға келетіндердің, оның ішінде Алматы облысы тұрғындары мен қалада жұмыс істейтіндердің жеке куәліктері болуы қажет екенін еске салды.
Сонымен қатар, вакциналау процесіне ірі кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді кірісті. Сондықтан ауданның 6 емханасында 50 жылжымалы мобильді топ екпе салуға жұмылдырылды. Алматы жылу желілері, «Алматықоммунэнерго», «АлматыЭнергоСбыт» және «Евразиан Фудс» корпорейшн және «Дастархан» ЖШС жұмысшылары өз еріктерімен вакциналанды.
Егер кәсіпорында бір мезгілде вакцинациядан өтуді қалайтын кемінде 50 қызметкер болса, онда оларға медициналық ұйымнан жылжымалы мобильді бригада жіберіледі.
«Мобильді топ екі бөлімнен тұрады. Оның құрамына учаскелік дәрігер (терапевт, педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері) немесе учаскелік медбике, фельдшер, акушер, пациентке үйде қызмет көрсету кезінде атқаратын қызметіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер кіреді»,- деді Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов.
Мобильді топтың жұмыс уақыты сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін.
Айта кетерлігі,15 вакциналау пункті күніне 4 мыңнан астаға екпе салуда.
Алмалы ауданы бойынша 1 сәуірден бастап барлығы 34 500 адам вакциналанды, 185 722 адамға екпе салу жоспарланған.