Алматының әрбір бесінші тұрғыны - жастар - Серік Сейдуманов
АЛМАТЫ. 31 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 47 жоғары оқу орны, 68 колледж пен 14 кәсіптік лицей бар. Оны қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бүгін Алматыда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ІХ отырысында айтты.
"Алматыда күндізгі бөлімде ғана 260 мың студент бар. Қаланың әрбір бесінші тұрғыны - жастар. 20 мың адамдық студенттік қалашық салуға 34 гектар жер берілді. Ол күндізгі бөлімде оқитын студенттердің бәрін жатақханамен қамтамасыз етпек", - дейді Серік Тұрарұлы.