Алматының әрбір тұрғыны полицияның қорғай алатынына сенімді болуы тиіс - ҚР Ішкі істер министрі

АЛМАТЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматының, жалпы еліміздің әрбір тұрғыны полицияның қорғай алатынына сенімді болуы тиіс.

Алматының әрбір тұрғыны полицияның  қорғай алатынына сенімді болуы тиіс - ҚР Ішкі істер министрі

 Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Алматы әкімдігінде өткен ІІД-нің кеңейтілген шұғыл кеңесінде айтты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 Кеңес барысында Ішкі істер министрі ІІД-інің жұмысына бірқатар сын айтты. Мәселен, Алматыдағы қылмысқа қарсы күрес көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмендеу. Соңғы 6 айда қалада  бірде-бір есірткі сату фактісі анықталмаған. С. Баймағанбетов осындай ірі мегеполисте бұл болмайтын жағдай  екенін атап өтті. Өз сөзінде Үкіметтің есірткі бизнесіне қарсы ведомвстволық бағдарламасын бекіткенін, ол бойынша 3 жылда 40 миллиард теңге бөлінетінін ескерткен министр есірткіге қарсы күресте басымдылық болуын қадай айтты. Бұнымен қатар, оның сын тезіне патрульдік қызмет, жол полициясы, өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметі, заңсыз көші-қон, кәмелетке толмағандардың қылмысы, жемқорлықпен күрес мәселесі  ілікті. Министр ІІД-нің басшысына аудандық бөлімдердің жұмысын орталық жұмысымен үйлестіріп басқаруды тапсырды. Соңғы 5 жылда  117, ал Тәуелсіздіктің 17 жылында 607 полиция қызметкерінің қызмет барысында қаза тапқанын жеткізген ведомоство басшысы полиция қызметкерлерінің басым бөлігі өз қызметін адал атқаратынын, полицияға жүгінген азаматтардың көпшілігі оның қамқорлығын сезініп отырғанын атап өтті.

   «Алматы қалалық ІІД-нің жеке құрамы ел Президенті  алға қойған тапсырмаларды орындауға дайын және мүмкіндігі зор екендігіне сенемін. Алматының әрбір тұрғыны полицияның қорғай алатынына сенімді болуы тиіс», деді ол.