Алматының Әуезов ауданында магистральды су таратқыштағы апат жойылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Әуезов ауданында магистральды су таратқыштағы апат жойылды. Бұл туралы Алматының жылу-энергия кешені кәсіпорны мен ТКШ ресми өкілі Ян Гирин хабарлады.
«Магистраль толық қалпына келтірілді. Сағат 12.15-те суды тарата бастады. Қысым нормаға сәйкес. Бір сағат ішінде тұтынушылардың барлығы сумен қамтылады. Магистральдағы апаттың туу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр», - деді Ян Гирин.
Еске сала кетейік, бейсенбі күні Әуезов ауданында, №8 шағын ауданында диаметрі 600 мм құрайтын суық су өтетін құбыр жарылып, жаңадан салынып жатқан нысандардың бірінің жертөлесін ішінара және құрылыс шұңқырын су басты. Осылайша 1, 2, 3, 4, 7, 8, 9 және 10 шағын аудандарындағы тұтынушыларға суық су жеткізу уақытша тоқтатылған болатын.