Алматының Әуезов ауданында «Youth power» жастар орталығы ашылды
trong>Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Әуезов ауданында «Youth power» жастар орталығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл орталық «Өрлеу» жобасы аясында халықаралық PSI ұйымының қолдауымен, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының ұйымдастыруымен ашылып отыр. Бүгінгі шара барысында орталық жанынан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналған компьютерлік сынып та ашылды. Компьютерлік сыныпты «Komanda SOS» волонтерлардың кординациялық орталығы Seimar Social Fund қоры мен БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасының біріккен бастамасымен «Air Astana» компаниясының қолдауымен ашып отыр.
Орталық жанында бұнымен қатар АҚТҚ/ЖҚТБ және басқа да түрлі ауруларға кеңес беруге арналған орталық та бар. Онда психолог, тері дәрігері жұмыс істейтін болады.
"Бұл жерде балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасылардың балалары тегін кеңес ала алады. Олар орталықта бұнымен қатар спорттық орталықта, би залында тегін жаттығып, тегін ағылшын, қазақ тілдерін үйрене алады. Ал компьютерлік орталықта жасөспірімдер IT мамандардың көмегімен компьютер үйренеді. Ең белсенді балалардың волонтерлар қатарына қабылдануға мүмкіндіктері бар» дейді «Komanda SOS»орталығының өкілі Әлия Сағынғалиева.