Алматының Әуезов ауданында жарты жылда 2 мектеп, 3 балабақша ашылды
АЛМАТЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/ - Алматы қаласының Әуезов ауданында жарты жылда 2 мектеп, 3 балабақша ашылды.
Бұл бүгін аудан әкімшілігінің жарты жылдық есеп беру кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дағдарысқа қарамастан, біздің ауданда биылғы жарты жылдықтың өзінде екі оқу ордасы ашылды. Олар 1200 балаға арналған №173 жалпы білім беретін орта мектеп пен 1 мың балаға арналған №176 физика-математика гимназиясы. Бұдан бөлек Мамыр, Жетісу, Баянауыл ықшам аудандарында 3 балабақша салынды», деді аудан әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов. Оның айтуынша, қазір Әуезов ауданында 35 орта мектеп бар. Олардың барлығы заман талабына сай жабдықталған. Мәселен, биылғы жылы 30 түлек алтын белгінің иегері атанды. Бұл қала бойынша ең жоғары көрсеткіш.