Алматының Әуезов ауданында жас аналарды құттықтады

АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат. /Данияр Сиқымбаев/ - Бүгін Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев мереке күні босанған әйелдерді құттықтау үшін №5 перзентханада болды.

Алматының Әуезов ауданында жас аналарды құттықтады

Перзентханаға әкім келген уақытқа дейін 8 наурыз күнгі таңертеңнен бері алты әйел босанған. Дүниеге үш ұл, үш қыз бала келді. Дәрігерлер тағы 8 баланың дүниеге келуін күтуде. Әкім Б.Торғаев аналарға гүлдер мен жаңа туылғандарға арналған конверттер сыйлады.

Бұл перзентхана Алматыдағы ең ірісі. Жыл басынан бері бұнда 1000-нан астам бала дүниеге келді. Әуезов ауданы қаланың ең үлкен және тұрғындары көп аудандарының бірі.