Алматының айналасында әлі азық-түлік белдеуі құрылған жоқ - Ахметжан Есімов
АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Алматының айналасында азық-түлік белдеуін құруда ешқандай ілгерілеушілік жоқ.
Қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін алғашқты тоқсандағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған алқалы жиында осылай айтты.
«Екі жыл бұрын Президент Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдігіне бірлесіп қала айналасында азық-түлік белдеуін құруға тапсырма берді. Ол әлі құрылған жоқ. Облыс әкімшілігімен мәжіліс өткіздік. Сонымен барлық жұмыс аяқталды. Бұл бағытта ешқандай ілгерілеушілік жоқ. Бұл жұмыс өзімізге де байланысты», - деді А.Смағұлұлы. Ол бұл мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрі мен Алматы облысы әкімдігінің өкілдерінің жақын арада арнайы мәжіліс өткізуді ұйымдастыруға тапсырма берді.