Алматының барлық аудандарында Қала күнін мерекелеуге дайындық жүруде
АЛМАТЫ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат -Алматыдағы Медеу ауданының тарихында алғаш рет Қала күніне арналған мерекелік шаралар әдеттегідей сахналық алаңдарда емес,
Есенов көшесінің бойына арнайы орнатылған үлкен сахнада өтеді.
Мерекеде Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов тұрғындарды құттықтап, «Ауданның ең үздік аула сыпырушысы» және «Ең үздік ПИК» байқауларының жеңімпаздарын анықтап, оларға сыйлықтар табыс етеді.
Қала қонақтары мен тұрғындары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылуда. Олар үшін ҚР еңбек сіңірген әртістері Нұрғали Нүсіпжанов мен Мақпал Жүнісова, «Талисман-бенд» тобы, «Жігіттер» квартеті ән шырқап, Аяулы қыздар» би-ансамблі және басқа да өнер иелері сахнаға шығады.
Мерекелік шараның барлық қатысушыларына қаланың символына айналған алматылық алмалар таратылады.
Сондай-ақ ертең Орталық алаңда «Alma Dance» концерті өтеді, оған Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысады. «Орда», «КешьЮ», «Buhar Jerreau», «Chick Flick», «Индиго», «Асыл» топтары мен Луина, Нуржан Керменбаев және қазақ әуендерінің дәріптеушісіСон Паскаль сияқты танымал әншілер өнер көрсетеді. Қонақтар концерттен кейін пиротехникалық шоуды тамашалай алады.