Алматының барлық ауданында күрес, бокс, футбол үйірмелері ашылады
Бақытжан Сағынтаевтың жазуынша, қаланың орталық аудандарында бұрыннан бар сквер мен алаңдар жөнделіп, ретке келтіріліп жатса, шеткі аумақтарда бос әрі қараусыз қалған учаскелерде балалардың ойын және спорт кешені орнатылып жатыр.
«Бұл - «Бюджетке қатысу» жобасына қатысып, белсенділік танытқан қала тұрғындарының арқасы», – деп атап өтті мегаполис әкімі.
Мысалы, биыл Наурызбай ауданында осындай 32, Алатау ауданында – 31, Түрксібте – 18 алаң орнатылады. Әуезов ауданында – 21, Жетісуда – 18, Медеу мен Бостандық аудандарында 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Алмалы ауданында бос жатқан 5 учаске абаттандырылып, үй жануарларын серуендетуге арналған 3 алаң ұйымдастырылды.
Балалар мен жасөспірімдердің еркін ойнап, аға буын өкілдерінің демалысына жайлы орынды шағын учаскелердің тұрғындары өздері таңдайды.
Сондықтан мұндай аймақтардың қадамдық қолжетімділігі маңызды.
Айта кетейік, барлық ауданда күрес, бокс, футбол үйірмелері ашылады.