Алматының бас санитар дәрігері 3 және 4 сыныптағылардың қашан оқитынын айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин үшінші және төртінші сынып оқушылары қашан мектеп қабырғасында оқи алатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біздің міндетіміз - жеңілдіктерді кезең-кезеңімен енгізу. Енді бірінші және екінші сыныптар мектептерде оқи алады. Қыркүйек айының ортасында қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылаймыз, соған қарай қосымша жеңілдіктер енгіземіз. Сол кезде 3-4 сынып оқушыларына қатысты мәселелерді де қарастырамыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол ата-аналардың балаларының мектепте білім алғанын қалайтынын атап өтті.

«Менде балалардың мектеп партасында отырып оқығанын құптаймын. Алайда, коронавирус инфекциясының қаупін ескеруіміз қажет. Сондықтан ата-аналарды бұл шешімге түсіністікпен қарауға шақырамын», - деп қорытындылады Жандарбек Бекшин.


Соңғы жаңалықтар