Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа «омикрон» штамының табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қаулыда бірқатар шектеу бар.

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, уйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;

- қоғамдық орындарға, онын iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану қажет.

- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде («кызыл» мәртебе) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» мәртебе) - 14 кун iшiнде өзін оқшаулау режимі.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.