Алматының бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус анықталған Германиядан келген жолаушымен бір ұшақта болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы 10 наурызда Франкфурттен ұшып келген.

«Айзат Молдағысымова 13 наурыз күні ертеңгісін жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды. Ол кісіге тест жасалды»,-дейді Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.


Фото: centralasia.news

Соңғы жаңалықтар