Алматының басты шіркеуіне Рождество мерекесін қарсы алуға 5000-нан астам адам келді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін христиан дінінің православия ағымын ұстанушы қазақстандықтар Рождество Христово діни мерекесін атап өтіп жатыр.

Алматының басты шіркеуіне Рождество мерекесін қарсы алуға 5000-нан астам адам келді (ФОТО)

2016 жылдың 6-шы желтоқсанынан 7-ші желтоқсанына қараған түні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы

Әулие-Вознесенский Кафедралды шіркеуінде құдайға құлшылық ету рәсімін өткізді. Оңтүстік Астананың басты шіркеуіне Рождество мерекесін қарсы алуға 5000-нан астам адам келді.

Діни әндерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Овчинниковтың басқаруымен Митрополит Округының хоры орындады.
Мерекеге Грецияның Афон түбегіндегі әулие Павел ғибадатханасынан әулие абыздардың (волхвы) сыйы салынған сандықшаның көшірмесі мен сол абыздар - Мельхиор, Гаспар және Валтасардың сүйектерінің бір бөлшегі арнайы жеткізілді.
Митрополит Александр дін басыларын және келген жұртшылықты Рождество мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
Шіркеудің іргесіне Иса туған Вифлеем үңгірін бейнелейтін сахналық құрылым қойылды. Шыршаның бұтақтарынан жасалған бұл құрылымға Мәриямның, Иосифтің, Исаның және абыздар мен шопандардың мүсіндері қойылды. Діндарлар олардың алдына шамдар жақты.

«Исаның туылуы әрбір адамның жан дүниесіне бағытталған. Бұл мереке әрбір отбасына береке-бірлік әкелсін, әрбір адамның жүрегіне рухани күш, болашаққа деген сенім шуағын сыйласын», - деді өз сөзінде митрополит Александр.
null null null null null null null