Алматының базарларында АИТВ дертіне тексеру тегін жүргізіліп жатыр

СПИД орталығы таратқан ақпаратқа сәйкес, мобильді зертхана «Ялян» және «Рахат» базарларында жұмыс істеп жатыр.
«Біз - салауаты өмір салтын қолдаймыз!» акциясы 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады.
Осы уақыт аралығында қала мекемелері мен ұйымдарында, базарларда профилактикалық тексерілулер, ашық есік күндері, мамандар кеңестері, салауаты өмір салты ақпараттық науқаны ұйымдастырылады.
Экспресс-тестілеу әдісі 15 минут аралығында адамға АИТВ-мәртебесін білуге мүмкіндік береді. Тестілеу тегін және жасырын түрде өтеді. Күніне 50 адам экспресс-тестілеуден өтті.
«Әрбір адамға өзінің АИТВ-дан сау екенін білудің маңызы зор. Бұл - өз денсаулығыңа немқұрайлы қарамау және оған деген жауапкершілік. Сонымен қатар, біздің қызметкерлер тестке дейінгі кеңес өткізеді, нәтижесінде адамдар АИТВ-инфекциясы туралы, ең бастысы одан қалай қорғану туралы мәлімет алады. Тестілеудің тағы бір маңызды тұсы - бұл диагноздың нәтижесі оң болған жағдайда, қажетті көмек алу және өз денсаулығыңды сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Талғат Бапиев.
Алматы қаласы ЖИТС орталығының мамандары салауатты өмір салты акциясы аясында, бизнес жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу және міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу туралы кеңестер және дәрістер өткізді.
Айта кету керек, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен қаланың базарларында тегін медициналқ тексеру жұмыстары өтіп жатыр.