Алматының білім басқармасы жеке балабақшаларға негізсіз тексеру жүргізген - Антикор

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық білім басқармасы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды балаларды күтіп-бағу шарттары бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеру үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттеген. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының білім басқармасы жеке балабақшаларға негізсіз тексеру жүргізген - Антикор

Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мәлім еткендей, мұндай тармақ білім басқармасы мен жекеменшік балабақшалар арасындағы келісім-шартта көрсетілген.

«Осы тармаққа сәйкес мемлекеттік орган өзіне жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда тексерулер жүргізуге өкілеттік береді, ал заңнамада мониторинг жүргізу тәртібі егжей-тегжейлі регламенттелген. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын тармақтарды жою бойынша қолданыстағы шарттарды қайта қарау туралы ұсынымдар жіберді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта шарттар қайта қаралды, мектепке дейінгі ұйымдарға заңсыз тексерулер жүргізу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгіну қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді.