Алматының бірқатар аудандарында газ беру уақытша тоқтатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 13-23 маусым аралығында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы бойынша Рысқұлов даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында диаметрі 720 мм болатын орта қысымдағы жерасты газ құбыры көлік жол айрығы құрылысының астынан алынады.

Осыған байланысты, осы мерзім аралығында Рысқұлов - Ақсай - Шамалған - Ахрименко көшелері квадратында сондай-ақ, Әйгерім-1, Әйгерім-2, Құрылысшы- 2, Көк-Қайнар, Трудовик, батыс Трудовик, шығыс Трудовик, Радуга саяжай сріктестігі, Саялы, Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, Ақбұлақ шағын аудандарында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмысы уақытша тоқтатылады.  

Жалпы, 8 728 жеке сектор абоненті, 73 ұжымдық сектор абоненті және 25 шағын коммуналдық шаруашылықтар мен өндірістік кәсіпорындар газ құбырынан сөндіріледі. 

Соңғы жаңалықтар
telegram