11:46, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Алматының бірнеше ғимаратында бір мезгілде бомба қойылғандығы туралы хабарлама жалған болып шықты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Алматының бірнеше ғимаратында бір мезгілде бомба қойылғандығы туралы хабарлама жалған болып шықты,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Желтоқсан даңғылы, 185 - «Хабар» агенттігі» АҚ, Фурманов көшесі, 205 - ҚР Президентінің бұрынғы резиденциясы, Республика алаңы, 13 - КТК телеарнасы ғимараттарында жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы жалған қоңырау жергілікті ішкі істер департаментінің пультіне сәрсенбі күні соғылды.
950 адам көшірілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ.