Алматының бірнеше көшесінде ыстық су үш күнге тоқтатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат–Алматының Жетісу ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының бірнеше көшесінде ыстық су үш күнге тоқтатылады

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Жетісу ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су беру 3 күнге тоқтатылады.

6 қыркүйек пен 9 қыркүйек аралығында Көкжиек шағын ауданы – Геологов көшесі – Первомайская мұнай базасы көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Компанияның мәліметінше, шектеулер «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС қазандығына газ жеткізілетін құбырлардағы жоспарлы жұмыстарға байланысты енгізілді.