Алматының бірнеше шағынауданында уақытша суық су болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астанадағы Наурызбай ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар бір түнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының бірнеше шағынауданында уақытша суық су болмайды

18 мамырдан 19 мамырға қараған түні сағат 22:00-ден таңғы 03:00-ке дейін Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы шағынауданында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

«Суық сумен жабдықтау қызметіндегі бұл шектеу сүзгі станциясын салу жұмыстарын жүргізу үшін қажет», - деп хабарлады «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

«Алматы су» кәсіпорны уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді.