Алматының дизайн-код жобасы бойынша қоғамдық талқылау уақытша тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында бірыңғай ережелерді құру бойынша жұмыс жалғасуда. Дизайн-код жобасын тұрғындар талқылауына ұсыну елдегі және Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты шегеріліп отыр. Бұл туралы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Басқарманың мәліметінше, Алматының дизайн-код жобасы - Қазақстандағы пилоттық жоба. Ол 2017 жылы басталған. Бұл - күрделі жұмыс. Сондықтан мұқият зерттеуді, шығармашылықты және нақты белгіленген ережелерді талап етеді. Жобаның бірқатар пунктері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

«Пандемияға байланысты қоғамдық тыңдаулар уақытша тоқтатылды. Қазір қаланың барлық субъектілерінен дизайн-код бойынша ұсыныстар мен ескертпелер жинақталуда. Алматыдағы кейбір ірі тамақтандыру орындары күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін дизайн-код жобасына қатысты ұсыныстар сұрайды»,– деп хабарлады басқармадан.

Қалада бірыңғай ережелерді құру бойынша жұмыс жалғасуда. Елдегі және Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң дизайн-код жобасы қала тұрғындарының талқылауына қайта ұсынылатын болады.

Дизайн-код – қаланы, қала көшелерін, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай сәулеттік стилі. Жобаның мақсаты – ғимарат қасбеттерінің элементтеріне қойылатын бірыңғай талапты әзірлеу: кіреберіс, маңдайшалар, ақпараттық тақталар, балкон қоршаулары, ауабаптағыш және т.б.


Соңғы жаңалықтар