Алматының дизайн-код жобасы келесі жылы қабылданады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2021 жылы Алматы қаласының дизайн-код жобасы қабылданады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, қазір қаланың барлық субъектілерінен дизайн-код бойынша ұсыныстар мен ескертпелер жинақталуда.

«Дизайн-код бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтаймыз деп ойлаймын. Келесі жылдан бастап дизайн-код жобасын ресми түрде қабылдаймыз. Бұл – Алматыдағы архитектуралық шешімдерді дамытуды қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлер үшін де, қалалықтар үшін де – бірыңғай стандартты құжат», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Дизайн-код – қаланы, қала көшелерін, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай сәулеттік стилі. Жобаның мақсаты – ғимарат қасбеттерінің элементтеріне қойылатын бірыңғай талапты әзірлеу: кіреберіс, маңдайшалар, ақпараттық тақталар, балкон қоршаулары, ауабаптағыш және т.б.


Соңғы жаңалықтар