Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматының екі ауданында суық су болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бостандық және Түрксіб ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

26 мамыр таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Бостандық ауданынадағы әл - Фараби - Сейфуллин – Тимирязев -Желтоқсан көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды.

Сонымен қатар, 27 мамыр күні Алматы облысына қарасты Белбұлақ, Бесағаш, Гүлдала, Тұздыбастау аумағында, сондай-ақ Түрксіб ауданында орналасқан «Нұршашқан» шағын ауданында және әуежай аумағында сумен жабдықтау шектеледі.

«Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді. Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады»,- деп хабарлады «Алматы су» МКК

Компания уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.