Алматының екі ауданындағы ғимараттарда су болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының екі ауданындағы бірқатар ғимаратта бірнеше сағат бойы су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматының екі ауданындағы ғимараттарда су болмайды

«10 наурыз күні Медеу ауданындағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін суық су берілмейді. 11 наурыз күні Алмалы ауданында, Мақатаев-Райымбек-Қожамқұлов-Сейфуллин көшелері мен Жетісу ауданының Райымбек – 2-я Гончарная – Қазыбаев – Лобаческий – Ақбаев – Сейфуллин көшелерінің орталығында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға су беру тоқтатылады. Судың берілмеу себебі жаңа су құбыры желісінің қосылуына байланысты қолға алынып отырған шара»,-деп хабарлады. «Алматы су» МҚК өкілдері.

Компания өкілдерінің айтуынша, су беру тоқтатылған кезде денсаулық сақтау, білім беру сияқты өзге де әлеуметтік сала ғимараттарына су автоцистерналармен жеткізіледі.