Алматының электр желісі толық қалпына келтірілді - ТЖМ

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Тоқтағұл су-электр стансасы қуатының күрт төмендендеп кетуіне байланысты орын алған апат салдарын жою жұмыстары кеше, сәуірдің 16-сы күні сағат 12.00-дегі жағдай бойынша толық аяқталды, Алматы қаласының электр желісі қалпына келтірілді,

Алматының электр желісі  толық қалпына келтірілді -   ТЖМ
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 15-інде Тоқтағұл су-электр стансасы қуатының күрт төмендеп кетуі салдарынан Алматы-500 қосалқы стансасында электр беру желісі сөніп қалған болатын. Соның нәтижесінде Алматының кейбір аудандарында жарық сөніп, ыстық судың берілуі тоқтап қалған еді.