Алматының Индустриалды аймағында 30 млрд теңгенің жобалары іске қосылады
«2020 жылы Индустриалды аймақта металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкцияларын өндіру бойынша кешен іске қосылды. Бұл - «Дорхан» зауыты. Биылғы жылдың соңына дейін 1100 жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 30,1 млрд теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл - автокөлік шығаратын «Hyundai Trans Kazakhstan» зауыты, медициналық мақсатта диагностикалық тест шығаратын «Каз-Диа-Тест», автоклав газ-бетон шығаратын «Г.С.Г. Высотник», жылу газоблоктарын шығаратын «СК Рахат», табиғи тастан өнім шығаратын «Сити Стоун», ортакернеулі таратушы құралдарды шығаратын «ТЕХНОКОНТ», электртехникалық құралдарды шығаратын «Электробар», желдету жүйелерін өндіретін «КазПромВент», жылу оқшаулайтын материалдар шығаратын «SAVENERGY»,– деді Берікбол Мәндібаев
Жалпы Алматының Индустриалды аймағына 261 млрд теңгеге барлығы 60 компания қатысады, оның 18-і шетелдік қатысушылар (Қытай, Ресей, Жапония, Иран, Малайзия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ).
Бес жылда Алматының Индутриалды аймақ аумағында жалпы сомасы 69,6 млрд теңге болатын 13 кәсіпорын ашылды. 1 952 жұмыс орны құрылып, 2 млрд теңгеге салық төленді, 63,3 га жер игерілді.