Алматының қанша мектебіне видеобақылау камерасы орнатылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 128 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олар халық ең көп жүретін қоғамдық орындар мен жол қиылыстарына орнатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы полициясының мәліметінше, қалада 128 186 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Оның ішінде:

- «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша көпқабатты үйлерде 4 251 бейнекамера;

- адам көп шоғырланатын орындарда 1 103 камера;

- көшелердің желілік учаскелерінде, кіреберіс және шығу жолдарында, сондай-ақ көше қиылысында 5 892 бейнекамера. Оның ішінде 5 034 камерадан тұратын 776 «Сергек» ҚХА бекеті бар. Олардың көмегімен 2022 жылдың 6 айында 364 988 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді.

- білім беру нысандарында – 11 979 камера;

- мектепке дейінгі мекемелерде – 6 132 камера;

- денсаулық сақтау нысандарында 1322 камера;

- басқару формасы әртүрлі мекемелерде 98 355 камера;

- қоғамдық көлікте 1437 камера және т.б.


Соңғы жаңалықтар