Алматының «Қайрат» футбол командасы өз алаңындағы ойындарына келушілер саны бойынша көш басына шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстанның Премьер-Лигасында өнер көрсететін Алматының «Қайрат» командасы өз алаңындағы ойындарын тамашалаушы жанкүйерлерінің саны бойынша көшбасына шықты. Бұл туралы бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматының «Қайрат» футбол командасы өз алаңындағы ойындарына келушілер саны бойынша көш басына шықты

«Қайрат» командасының өз алаңындағы ойындарын биылғы маусымда стадионнан барлығы 123 мың адам тамашалаған. Екінші орында «Ақтөбе» футбол клубы. Ақтөбеліктердің өз алаңында өткізген матчтарын маусым барысында 110 мың 500 адам көрген. Ал Қызылорданың «Қайсар» командасы үшінші орында. Қайсарлықтардың ойындарына 66 мың адам жанкүйерлік жасаған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, УЕФА-ның Еуропа Лигасының екінші раундында «Қайрат» пен «Эсбьерг» арасында өткен матчты бір мезетте 19 мың адам тамашалаған. Бұл - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы абсолютті рекорд.