Алматының «Қайрат» командасы «Интер» және «Дармштад 98» футбол клубтарымен жолдастық кездесулер өткізеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанның Премьер Лигасында өнер көрсететін Алматының «Қайрат» футбол командасы жаңа маусым алдында Түркияда өткізетін оқу-жаттығу жиыны барысында екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының ресми сайтында жария етілді.

Алматының «Қайрат» командасы «Интер» және «Дармштад 98» футбол клубтарымен жолдастық кездесулер өткізеді

14 қаңтар күні «қайраттықтар» Әзірбайжанның «Интер» клубымен кездеседі. 2014-2015 маусымында бакулік команда ел чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында келеді. Ал 17 қаңтар күні алматылық команда Германияның екінші Бундеслигасының командасы «Дармштад 98» футбол клубымен бақ сынасады. Қазіргі таңда Дирк Шустердің шәкірттері 33 ұпаймен ел чемпионатында үшінші орында келеді.

«Қайрат» командасының Анталья қаласында өткізетін оқу-жаттығу жиыны 7 қаңтардан 19 қаңтарға дейін жалғасады.

Айта кетелік, Владимир Вайсстың шәкірттері өткен жылғы маусымда ел біріншілігінің қола жүлдесін және Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.