Алматының кеден қызметі Қытайдан жіберілген хаттардың ішінен психотропты зат тауып алды
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматының кеденшілері Қытайдан жіберілген хаттардың бірінен күшті әсер ететін психотропты зат тауып алды.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тыйым салынған заттың салмағы - 438,45 грамм.
«Қазақстан аумағына психотропты затты аса ірі көлемде заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.