Алматының кейбір көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Алматы қаласының кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
Ішінара жабылады:
- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті мен айналма жол 8 қазан күні сағат 22:00 мен 9 қазан 06:00 аралығында;
- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік беті мен солтүстік-шығыс жол 9 қазан күні сағат 22:00 мен 10 қазан 06:00 аралығында;
- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан сағ.06:00 және 9 қазанда сағат 22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында;
- Рысқұлов даңғылы Жангелдин көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі 9 қазан сағат 22:00 мен 10 қазан күні сағат 06:00 аралығында.
Толық жабылады:
- Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беті 7 қазан күні сағат 22:00 мен 8 қазан 06:00 аралығында;
«Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.