Алматының қоғамдық қызмет көрсету орындарындағы газ құрылғыларын пайдалану қатаң бақылауға алынды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматының қоғамдық қызмет көрсету орталықтарында газ баллоны құрылғыларын өрт қауіпсіздігі мен газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкестендіріп қайта жабдықтау жүргізіліп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін хабарланғандай, газ баллондарын дұрыс пайдаланбау салдарынан 2008 жылғы 3 желтоқсан күні қаладағы Тимирязев көшесі бойындағы «Рүстем» кафесінде өрт шығып 23 адам жарақаттанып, 1 адам қайтыс болған еді. Осыған орай қаладағы құзырлы органдар бақылауды күшейтіп, қоғамдық орындардағы газ құрылғыларын қайта жабдықтауға кірісіп отыр. Бұл шара аясында қала аудандарындағы әкімшіліктер мен құзырлы органдар 1 наурызға дейін қоғамдық орындардағы газбаллондық құрылғыларды тізімге алмақ, сонымен қатар заңсыз газбаллон жабдықтарын пайдаланушы кәсіпорындарды анықтап, жазалау шаралары көзделген. Сондай-ақ қала әкімі тарапынан газды сату-таратумен айналысатын компанияларға, қалалық құрылыс-сәулет басқармасы, кәсіпкерлік және өндіріс басқармасына тиісті тапсырмалар берілген. Бұлардың жұмысын бақылау мақсатында қала әкімшілігі жанынан жедел штаб құрылып, оны қала әкімінің орынбасары Асқар Сманқұлов басқаратын болды.
Соңғы жаңалықтар