Алматының «Көктөбе» саябағында карантинге қарамастан аттракциондар жұмыс істеп келген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Көктөбе» саябағында карантиндік шектеулерге қарамастан аттракциондар жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл факт 3 тамыз күні, мониторингілік топ жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде анықталды. Аталған әрекет Медеу аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында қаралды.

«Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде шектеуге қарамастан карантин кезінде жұмыс істеген «Алтын Алма» жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты санитарлық талаптарға бағынбау жөнінде хаттама толтырылып, 115 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл - 319 мың теңге. Кәсіпкер оның 50 пайызын төледі», - деді брифингте Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Иксан Көбеев.

Бұған дейін, Алматыда аумағы 2000 шаршы метрден асатын 15 нысанның санитарлық талапқа сай болмай шыққаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар