Алматының көптеген медициналық мекемелері жабдықталмаған – Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының медициналық мекемелерін барлық қажеттіліктермен жабдықтау 2022 жылдығ соңына дейін кемінде 90% болады. Бұл туралы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматының көптеген медициналық мекемелері жабдықталмаған – Бақытжан Сағынтаев

«Бүгін Алматының медициналық мекемелері бір айлық аудитінің қорытындыларын қарадық. Оның нәтижесі бойынша қала ауруханалары мен емханаларының жоғары дәлдіктегі қондырғылармен жабдықталуы 60%-ке жуық екені анықталды. Дегенмен, бұл көрсеткіш 22% жетпейтіндері де бар. Олар — №20, 21, 25, 26, 27 емханалар. Аталған емханаларда жабдықтар ұзақ уақыт бойына ауыстырылмаған, тіпті тозу деңгейі белгіленген нормадан асып кеткен»,-деп жазды әкім.

Оның сөзінше, биылғы жылы осы емханалар үшін өте қажет, жоғары технологиялы 35 бірлік диагностикалық жабдықтар: УЗИ, рентген, флюорограф, маммограф және басқалары алынады.

«Ал 2022 жылдың аяғына қарай қаланың медициналық мекемелерінің жабдықталуы 90%-тен төмен болмайды»,-деді шаһар басшысы.