Алматының маңында жүк көлігінің соғуы салдарынан газ құбыры жарылып, 1 мыңдай абонент «көгілдір отынсыз» қалды
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы Каменка кентінде «КамАЗ» жүк көлігінің соғып кетуінің салдарынан диаметр 159 мм газ құбыры жарылып, 1 мыңға жуық абонент «көгілдір отынсыз» қалды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, жарылыс салдарынан жақын жердегі тұрғын үйдің шатыры өртенген. Өрт таңғы сағат 6-ларда ауыздықталды. Қазір сыртқа төгілген газдың мөлшері анықталуда, деп хабарлайды дерек көз.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.