Алматының Медеу ауданында су қашан беріледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда болған жауын-шашын салдарынан сумен қамту тораптарында судың лайлану деңгейі артты. Бұл қажетті су көлемін алуға және тазартуға мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«24 шілде күнгі сағат 8:00-дегі жағдай бойынша бастапқы судың зертханалық талдауы лайлану деңгейінің өткен күндермен салыстырғанда үштен біріне төмендегенін көрсетті. Су дайындау нысандарының қалыпты жұмысқа көшуі ертең, яғни 25 шілдеде жүзеге асырылады деп жоспарланған»,- деп хабарлады «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Мына мекенжайлардағы тұтынушыларға су беру уақытша тоқтатылды: «Юбилейный» шағынауданы, Тау Самал шағынауданы (Каменск үстірті), «ВИП Алем» коттедж қалашығы, «Европолис» тұрғын-үй кешені, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі. Кәсіпорын мәліметінше, «Көктөбе» шағынауданы, «Самал 1-3» шағынауданы, «Таулы қырат» шағынауданындағы Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелерінде желідегі судың қысымы төмендеді.
Айта кетейік, Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру 22 шілде күні шектелген болатын.