Алматының Медеу ауданында жеке тұрғын үйде өрт шығып, егде ер адам қаза тапты

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданында жеке тұрғын үйде 31 желтоқсан күні сағат 20:42-де өрт болды.
None
None

Жалын 23 сағат 05 минутта сөндірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Өртті жоюға ҚР ТЖМ-нің Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 16 адам және техниканың 4 бірлігі жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде 64 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Соңғы жаңалықтар