20:27, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Алматының мемқызметшілері жаңажылдық кешті тойлаудан бас тартты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері жаңажылдық кешті өткізуден бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомство мамандары мерекелік кешке жұмсалатын қаржыны қайда аударатындарын жеткізді.
«Үнемделген қаржы балалар үйіне жіберіледі. Жиналған қаржыға жаңажылдық сыйлықтар алынды. Департаменттің барлық қызметкерлері бұл бастамаға қолдау танытты. Бұл бастама болашақта жалғасынтабады әрі өзге де мемлекеттік органдар бізді қолдайды деп сенеміз», - деді Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков.