Алматының Наурызбай ауданында демалыс күндері суық су болмайды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері Алматының Наурызбай ауданына суық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы су» кәсіпорнының мәліметінше, 10 және 11 маусымда Наурызбай ауданының Қарғалы, Құрамыс, Қарағайлы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Қалқаман-2 (оңтүстік бөлігі) шағынаудандарына су беру уақытша тоқтатылады.

«Ауа температурасының жоғарылауына байланысты таудағы қар жамылғысының қарқынды еру процесі басталды, бұл өзендердегі ағынды сулардың көбеюіне және судың ластануына әкелді. Ақсай және Қарғалы өзендеріндегі бастапқы судың лайлануының артуына байланысты сүзгі станцияларынан су алу уақытша тоқтатылды», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.

Сондай-ақ кәсіпорын су берудегі шектеулер кезінде сумен жабдықтау автоцистерналармен қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Еске салсақ, Наурызбай ауданында сондай-ақ уақытша ыстық су болмайтынын хабарлағанбыз.


Соңғы жаңалықтар
telegram