Алматының Наурызбай ауданында вакцинаны қай жерден салғызуға болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматының Наурызбай ауданында вакцинацияның төртінші траншы басталды. Вакцинаны тұрғындар ерікті түрде салдыра алады. Ол үшін мегаполистегі кез келген емханаға тіркелу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжанат Тілегеннің айтуынша, вакцина ерікті түрде жүргізіледі. Екпенің алдында дәрігердің тексеруінен өтеді.

«Бүгінгі уақытта біздің ауданымыз бойынша 250-ден астам адамға екпе салынды, барлығының жай-күйі жақсы, жағымсыз әсер туындамады. Вакцина күнделікті жұмыс күндері таңғы сағат 8.00-20.00 аралығында екінші қабаттағы 209 кабинетте жүргізілетінін атап өткен жөн»,- деді дәрігер.

Наурызбай ауданының Ардагерлер кеңесінің денсаулықты сақтау жөніндегі комиссияның төрайымы Райхан Еламанова екпе салдырып, өз ойымен бөлісті.

«Бүгін мен екпе салдырдым, жай-күйім жақсы.Қария жастағы адамдармен тікелей жұмыс жасағандықтан халыққа қашан екпе салатынын бұрыннан күткен едім, ең алдымен өзім екпе алуым керек және олардың қауіп аумағында болғаны себепті өзімді, өзімді қоршаған ортаны қорғауым керек. Менде өз тобым бар, онда 200 зейнеткер тіркелген, сол адамдарға өзімнің вакцина алғаннан кейінгі жай-күйім туралы жазып бөліскім келеді.Сонымен қатар, қарсы көрсеткіштер анықталмаса вакцина салдыруларыңызға кеңес беремін. Ватсаптағы менің тобым «Жүз жаса» деп аталады, міне осы себеппен олардың жүз жас жасағанын тілеймін»,- деп өз пікірімен бөлісті Райхан Еламанова.

Гүлжанат Тілеген вакцинаны алғаннан соң профилактикалық шараларды сақтау қажет екенін тілге тиек етті. Ол әлеуметтік қашықтық, маска режимі.

Ең алдымен, иммунизацияны жұқпалы ауру ауруханасының, жедел медициналық көмек, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК), қабылдау бөлімшесінің, жұмыскерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері өтті.Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындарының педагогтары, бірінші сатыға кірмеген медиицналық қызмет жұмыскерлері қамтылған. Үшінші кезең бойыша мектеп-интернат, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтарымен, студенттер және созылмалы аурумен ауратын адамдармен, әлеуметтік-медициналық мекеменің қызметкерлерімен қамтылған.

Жалпы Наурызбай ауданы бойынша вакцина келіп түскеннен бері 1,2,3 эшелон бойынша 1110 адам вакцина алған. Вакцинаны алуға профилактикалық екпеге қары көрсеткіштері жоқ тұлғаларға рұқсат етіледі.


Соңғы жаңалықтар